Четверг, 28 ноября, 2024

Қазақстандықтар министр Бағдат Мусиннің отставкаға кетуін талап етіп, петиция жариялады

Қазақстанда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің отставкаға кетуін талап ететін петиция пайда болды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Интернет мәселесіне қатысты қазақстандықтар министрдің қызметтен кетуін талап етті.

«Көптеген қазақстандықтар Бағдат Мусиннің отставкаға кетуі туралы петицияны қолдайды деп санаймын, өйткені ол интернет-қызметтердің бағасын ұстап тұра алмайды, керісінше оларды көтеріліп жатыр», – деді петиция авторы Тамирлан Мұратұлы.

Бағдат Мусиннің Тоқаевқа Интернеттің әлсіз болуының себебі бағасы төмен болуында деген. Осыдан кейін ұялы байланыс операторлары бағаны көтерді. Мұратұлының айтуынша, баға өскенімен, Интернеттің сапасы жақсармады.

31 шілдеде 4386 адам отставкаға кетуін қолдады, 198 адам қарсы дауыс берді.

Бұған дейін министр Бағдат Мусин қазақстандық интернет байланыс сапасы бойынша Жапонияның Токио қаласын қоса алғанда, ондаған қаланы басып озғанын айтып, көпшілікті таңғалдырған. Содан кейін ол қазақстандықтарды мобильдік тарифті үнемдеуге шақырғаны хабарланды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған