Вторник, 26 ноября, 2024

Қазақстандықтар наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады

Бірінші қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң күшіне енді. Қаржы министрлігі 3 түрлі рәсім бойыша, 3-ші наурыздан бастап өтініштер қабылдайтын болады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Азамат өзін банкрот деп жарияғанда оның салдары бар екенін білуі қажет. Олар: 3 жыл қаржысы мониторингте болады,.5 жыл қарыздар мен кредиттер алуға шектеледі, банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдана алады», — деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Банкроттыққа өтініш беру үшін: — борыш 5,5 млн теңгеден аспауы; — несие 1 жыл өтелмеген; — азаматта тіркелген мүлік, ортақ меншіктегі мүлік болмауы қажет. Оның айтуынша, бүгінде халықты ақпараттандыру жұмыстары басталып кетті.

«Азаматтарға арналған үкімет» байланыс орталықтары және Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. 4-5 қаңтардың өзінде 570 адам кеңес алған.

«Күн сайын онлайн-конференциялар өткізіліп, заң нормалары түсіндірілуде, сондай-ақ азаматтардан келіп түсетін проблемалық мәселелер талқылануда. Әкімдіктер де мемлекеттік органдардың өңірлік бөлімшелері, банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары және халықты жұмыспен қамту орталықтары басшыларының қатысуымен азаматтардың банкроттық рәсімдерін ұйымдастыру бойынша кеңестер өткізілуде», — деді Ерұлан Жамаубаев.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған