Ресейден Қазақстанға тағы 72 компания қоныс аударғалы жатыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Қазақстанға қоныс аударғалы отырған компаниялардың тізімі жасалды. Біз соңғы рет қысқартқанымызда 72 компания болды», — деді Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев.
Оның айтуынша, тізімде алдымен көшуге шешім қабылдаған компаниялар бар. Бірақ олар орналасатын жер іздеп жатыр.
«Көпшілік шекаралас аймақтар – Қостанай облысы, Астана қаласы, Алматы қаласы және Алматы облысына келуді жоспарлап отыр. Ұсынысымызға 72 компания оң жауабын берді. 29 компания көшіп келді. Бірақ бұл көрсеткіш алдағы уақытта өзгеретін болады», — деді Зебешев.