Среда, 27 ноября, 2024

Қазақстанның Еуропамен қарым-қатынасының сапасы мен сипаты ұлғайды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Қазақстанның Еуропамен ынтымақтастығы еліміздің көп векторлы сыртқы саясатының негізгі компоненттерінің бірі. 2020 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығында 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасының Еуропалық одақпен және Еуропалық мемлекеттермен ынтымақтастықты одан әрі дамыту маңызды басымдықтардың бірі ретінде бекітті», деді Роман Василенко.

Сыртқы істер министрінің орынбасары өткен жылы біздің өңірде және әлемде елеулі геосаяси және гео экономикалық сілкіністерге қарамастан, Қазақстанның Еуропамен қарым-қатынасының сапасы мен сипаты ұлғайғанын атап өтті.

«Біздің мемлекет басшысынан бастап Еуропалық одақ институттарының және жетекші Еуропалық мемлекеттердің басшыларымен барлық деңгейдегі саяси келіссөздеріміз нығайды. Атап айтқанда, Астанаға Андора, Германия, Греция, Польша, Литва, Мажарстан және басқа да Еуропа елдерінің Сыртқы істер министрлері келді. Өз кезегінде Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ұлыбританияға, Германияға, Польшаға, Аустрияға, Люксембургке, Португалияға және Солтүстік Македонияға барды. Франция, Словения, Кипр, Норвегия, Швеция және Эстониядағы әріптестермен келіссөздер жүргізді. Экономикалық ынтымақтастықтың спаалы және жаңа преспективалы салалары айқындалып, өзара әрекеттесу басталды», деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған