Четверг, 28 ноября, 2024

Қазақстанның Румыния және Словениядағы Елшілері тағайындалды

Президенттің Жарлығымен Қазақстанның Румыниядағы және Словениядағы Елшілері тағайындалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған