Пятница, 29 ноября, 2024

Қазақстанның төрт фильмі британ кинофестивалінің финалына өтті

Қазақстанның төрт фильмі V Eurasian Film Festival (ECG FF) британдық кинофестивалінің финалына шықты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Үздік қысқаметражды фильм» аталымында режиссер Рамазан Халиолланың Barn фильмі, «Үздік деректі фильм» аталымында режиссер Ақбөбек Төлжанованың «Ұйқыдағы арудың оянуы» фильмі мен режиссер Aлмас Мақсұттың Segiz фильмі, «Үздік Еуразиялық кино» (Гран-при) аталымында Марина Қонарованың The Crying Steppe фильмі бақ сынайды.

«Біз Қазақстан киносының дамып, әлемнің әр түкпір-түкпірінен көрермендерін тауып жатқанына қуаныштымыз. Фестивальдің барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз және қазақ киносы бізді жаңа жауһарлармен қуанта береді деп сенеміз», – деп пікір білдірді фестиваль директоры Анна Лари.
Eurasian Film Festival кинофестивалі 24-30 мамыр аралығында өтеді.

2023 жылы кинофестивальге Ұлыбритания, Қазақстан, Украина, Израиль, Грузия, Әзербайжан, Франция, Беларусь, Аргентина, Ресей, Армения, Өзбекстан, АҚШ, Иран, Польша, Швеция, Молдова, Қырғызстаннан өтінімдер түскен.

ECG Film Festival – Орталық Азия мен Ұлыбритания арасындағы көпір, әлемнің әртүрлі елдерінің мәдениеті бірігетін нүкте. Осындай мәдени ынтымақтастықтың көмегімен ағылшын тілді көрермендер Қазақстанның тыныс-тіршілігмен таныса алады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған