Вторник, 26 ноября, 2024

Қазақстанның туризм саласына үш жылда 4 млрд доллар инвестиция тартылды

2020-2022 жылдар аралығында Қазақстанның туристік саласына 4 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, өткен жылы инвестиция көлемі 513,3 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар аталған кезеңде елімізде 400-ден астам туристік нысан салынды.

«Мемлекет отандық туризмді дамыту үшін жеке капиталды белсенді түрде тартуда. Өткен жылдан бастап мемлекеттік қолдау шараларымен туризм объектілерін салу, тау шаңғысы курорттарын дамыту және туристік автобустар сатып алу жөніндегі жобалар қамтылды. Сондай-ақ туроператорларға шетелдік туристерді тартқаны үшін субсидиялар беріледі.

Бұдан басқа, ел ішінде саяхаттайтын Қазақстан азаматтары үшін балалар авиабилеттері субсидияланады. Шетелдік инвесторларды тартуға, оның ішінде түрлі преференциялар беру арқылы ерекше көңіл бөлінеді», – деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған