Вторник, 26 ноября, 2024

Қазақстанның үш елдегі елшілері тағайындалды

Қазақстанның Испания Корольдігіндегі, Оңтүстік Африка Республикасындағы және Норвегия Корольдігіндегі елшілері тағайындалды, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Данат Мұсаев Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Еркін Ахинжанов Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Әділ Тұрсынов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған