Среда, 27 ноября, 2024

«Қазақты «шүкір» құртады»: Диана Скатова қазақты армандай алмайтын «жалқау халық» деп атады

Атышулы «Qoslike» жобасының жүргізушісі Диана Скатова қазақты армандауды білмейтін, жалқау халық екенін айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

“Қазақтар мықты армандайды” деп айта алмаймын. Бізді “шүкір мен тәубә” құртады. Бүгінгі тамағы тоқ болса болды. Армандамайды. Бізде ойлау жасампаздығы жоқ. Біздің қоғамда сенің киімің бренд болса, соңғы үлгідегі iPhone-ды ұстасаң сенен мықты адам жоқ. Қазақ тамаққа, қазіргі қажеттіліктерге аш. Бірақ білімді, ғылымды, дамауды қажет етпейміз. Адамдарға подкаст көргеннен көрі, Ерке мен Райымның неке қиғаны қызығырақ”, – дейді тележүргізуші.

Сондай-ақ, ол бағдарлама барысында Моңғолияға баруды армандайтынын айтты.

“Менің арманым – Моңғолияға барып, ондағы халықты қалай өмір сүретінін көру. Өйткені, Моңғолия жаңалықтарда да, саяси аренада да жоқ. Бұл мемлекет жайлы айтылмайды, халқының өмір сүру салты туралы ештеңе естімейміз”, – деді Диана.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған