Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» әуежайынан «Түркістан-Эль-Кувейт» бағытында алғашқы жолаушылар сапарға шықты, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Бұдан былай қажылыққа барғысы келетін қазақстандықтар Түркістан қаласындағы Халықаралық әуежайдан ұша алады. Рейстер аптаның сейсенбі және жексенбі күндері «Airbus-320» ұшағымен орындалады. Билет құнын 150 000 теңгеден бастап белгілеп отыр.
Компания өкілдерінің сөзінше алдағы уақытта рейстер саны ұлғайтылуы мүмкін. Бұл Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал етпек.