Четверг, 28 ноября, 2024

Қазір елдің көзі ашық, көкірегі ояу – Тоқаев

Қазір елдің көзі ашық, көкірегі ояу, саяси сауаты жоғары. Бұл туралы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
.
Президент елімізде өткен науқанға өте көп адам қатысқанын айтып, бұл қалыпты үрдіс екенін жеткізді.

Олардың арасында мақсаты, ұстанымы әртүрлі жандар бар. Қазір елдің көзі ашық, көкірегі ояу, саяси сауаты жоғары. Кез келген сайлауда жеңіске жету үшін жылдар бойы қажырлы еңбек ету қажет. Халықтың және тарихтың алдындағы жауапкершілікті сезіну керек. Бір сөзбен айтсақ, ұзақ мерзімді, жүйелі стратегияның арқасында ғана жеңіске жетуге болады. Қажетті дауыс жинай алмаған үміткерлер үшін де бұл – үлкен тәжірибе және жаңа мүмкіндік, — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев әріптестерін Қазақстан мүддесі үшін жұмылып жұмыс істеуге шақырды.

Небәрі бір жылда мұндай ауқымды жұмысты іске асыру – нағыз жасампаз жұрттың ғана қолынан келетін шаруа. Біз Отанымызды өркендету жолында зор бетбұрыс жасап, жаңа дәуірге қадам бастық. Бірақ, өзгерістер мұнымен бітпейді. Бұл – ұзақ жолдың басы ғана, — деді Мемлекет басшысы.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған