«Қазпошта» АҚ-да ішкі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Почта операторының баспасөз қызметі хабарлағандай, биылғы жылдың қорытындысы бойынша өңірлерде жалпы сомасы 273 000 000 теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды.
Қазір ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді.
ARDA-Aqparat