Вторник, 26 ноября, 2024

«Қол көтеруге дейін барамын»: Актер Әбілмансұр Серіков қызба мінезді екенін ашық айтты

Белгілі актер Әбілмансұр Серіков Тимур Балымбетовке берген сұхбатында мінезінің шатақ екенін айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

“Өте эмоцияналды адаммын. Тез, қатты ашуланамын, бірақ басыла қоямын. Тұрып-тұрып болмайтын нәрсеге ашуланып кетемін. Бұл біздің қанда бар. Әкемнің Әбуғасыр деген туған інісі бар. Сол кісі ғана басқаларынан қарағанда сабырлы, байсалды, көп нәрсені ақылға салып шешеді. Басқалары қызбамінезді, тоқтата алмайсың. Бірақ тез қайтады. Кейде қол көтеруге дейін барамын. Адам артық сөз айтып қойып, мені провакацияға шақырса қолым кетіп қалады, мойындаймын. Тілім ащы, сөзім сүйектен өтіп кетеді. Қатты айтамын, бірақ кейін сол үшін өкінемін. Ашуым басылған соң Алладан, өкпелеткен адамнан барып кешірім сұраймын”, – дейді Әбілмансұр Серіков.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған