Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 7,90 теңгеге көтеріліп, 463,1 теңгені құрады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы аздап төмендеп, 62,93 теңгені (+1,23) құрады.
Еуро бағамын Ұлттық банк 496,1 теңге, рубльді 4,7 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 461,5-465 теңге, еуро 500,5-505 теңге, ресей рублі 4,89-5,09 теңге аралығында сатылуда.
16 тамызда KASE биржасындағы шетел валюталары бойынша сауда-саттық қорытындысы бойынша, кешкі сессиядан кейін доллар бағамы күрт көтеріліп, 6 теңгеге жуықтап, 455,29 болды.
Бұл ретте әлемдік биржаларда мұнай бағасының төмендеуі тіркелді. Астана уақыты бойынша сағат 15:38-дегі жағдай бойынша Brent маркалы қазандағы фьючерстері 0,43%-ға арзандап, барреліне 83,74 долларды құрады, ал қыркүйектегі WTI фьючерстері 0,35%-ға арзандап, 79,67 долларды құрады.