Четверг, 28 ноября, 2024

Қостанай облысында балықтар жаппай қырылып жатыр

Облыстағы Заречный елдімекеніндегі көлде балықтар қырылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Тобыл-Торғай облыстық бассейндік балық инспекциясының мамандары су сынамасын алды. Оның нәтижесі келесі аптада шығады.

Балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Жұлдыз Нұғманованың сөзінше, балықтардың қырылуына көлдің таяздығы мен қатып қалуы себеп болған. Оның тереңдігі шамамен бір жарым метрді құрайды.

Қазіргі уақытта 577 келі мөңке балығы қырылған.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған