Среда, 27 ноября, 2024

Қостанай облысында қарлы боран құрсауында қалған жиырма шақты адам құтқарылды

Қостанай облысының аумағында қарлы боранда жолда қалған адамдар құтқарылды, олардың ішінде балалар да да бар, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдарда авариялық-құтқару операциялары жүргізілді.

«9 наурыз күні сағат 4:10-да Қарасу ауданындағы облыстық маңызы бар Қарасу – Большая Чураковка автожолының жабық учаскесінің 10 шақырымында ТЖД күшімен жеке құрамның 2 адамы бар КУНГ арнайы техникасымен қар құрсауынан 2 жеңіл автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне шығарылды. 6 адам құтқарылды, оның 3-еуі – бала. Адамдарға медициналық көмек қажет болмады», — делінген хабарламада.

Дәл сол күні сағат 5:15-те Алтынсарин ауданының ТЖ бөліміне Щербаков ауылынан 5 шақырым жерде аудандық маңызы бар автожолда ауа райының қолайсыздығынан 12 жолаушысы бар 4 автокөлік жолда тұрып қалғаны туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. Көп ұзамай оқиға орнына құтқарушылар келіп, жолаушыларды жол талғамайтын УАЗ көлігіне тиеді. Құтқарылған азаматтар Щербаков орта мектебінің жылыту пунктіне аман-есен жеткізілді.

«2023 жылғы 9 наурызда сағат 06:05-те Меңдіқара ауданындағы аудандық маңызы бар автожолда Каскат ауылынан 7 шақырым қашықтықта ТЖД күштерімен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қар құрсауынан 3 адам құтқарылды. Жолаушылары бар жеңіл автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, Ломоносов ауылдық округінің әкімдігінің жылыту пунктіне алып барды», — делінген ТЖД хабарламасында.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған