Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қостанай облысындағы құс фабрикасына қатысты тергеп-тексеру рәсімін бастады, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 1) тармақшасын бұзу белгілері бойынша Қостанай облысындағы «Жас-Қанат 2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құс фабрикасына қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу белгісі бойынша тергеу бастады», — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Атап айтқанда, жұмыртқаны көтерме сату кезінде монополиялық жоғары бағалар белгіленіп, бірқатар заңбұзушылық анықталған.
«Нарық субъектілерінің іс-әрекеттерінде өз қызметін жүзеге асыру кезінде монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтауы негіз болды», — делінген хабарламада.