Асат Нұрпейісов ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Мемлекет басшысының өкімімен Асат Болатұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды» делінген Жарлықта.
Нұрпейісов Асат Болатұлы 1987 жылы 18 шілдеде дүниеге келген.
2010 жылы Прагадағы Нью-Йорк университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2012 жылы Еуропалық бизнес мектебін бітірген, MSc Global Banking and Finance «Халықаралық банк ісі және қаржы» магистрі.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
2012-2015 жылдары KPMG Tax and Advisory менеджмент консалтингінде жұмыс істеген.
2015-2016 жылдары – Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.
2016-2017 жылдары – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры.
2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Жобалық басқару орталығының бас инспекторы, меңгерушінің орынбасары, меңгерушінің міндетін атқарушы.
2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасы аппаратының басшысы.
2022 жылғы 16 ақпаннан бастап Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.