Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына жұмыс сапары жалғасуда, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін «Қасри Миллат» сарайына келді.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.