Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов қазақстандықтарды тарихи алтын медальмен құттықтап, министрлерге үндеу жолдады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Әлеуметтік желіде жариялаған видеосында ол еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханға 1 миллион доллар беру керектігін тілге тиек етті.
Тарихи күн! Бұл алтынды қазақ халқы, ата-ағаларымыз ұзақ күтті. Жақсылық Үшкемпіров секілді аңыз балуандарымыз бұл жеңісті көре алмай кетті. Осындай жеңіске жеткен Ризабек бауырымызға Алла риза болсын!
Болмайтын, түсініксіз спорт түрлеріне бір жылда 200-300 миллиондап ақша бөлеміз, легионерлерге де сол, ал олар кетіп қалады. Сондықтан министрлерге елімізден, ауылымыздан шыққан қарадомалақ бауырымызға 1 млн доллар беру керек деп үндеу жасаймын. Осындай хабарды естіген ауыр балалары ертеңгі күні спортпен айналысып, уақытын залда өткізіп, Ризабек секілді әлемді мойындатамын деген арман-мақсат пайда болады, сондай болалар еліміздің абыройын асқақтатуға үлес қосары сөзсіз.