Вторник, 26 ноября, 2024

«Құранды қорғаған тұңғыш қазақ»: Нұрлан имам БҰҰ-да қасиетті кітапты қорғау мәселесін көтерген Президентті қолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-да мұсылмандар үшін қасиетті кітап Құранды қорғау мәселесін көтерді. Мемлекет басшысының бұл әрекеті дінтанушы Нұрлан Байжігітұлын тәнті етті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Мемлекет басшылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясындағы жалпы дебатта Құранның мұсылман қауымы үшін қадірі туралы айтып, қасиетті кітаптың құқықтық тұрғыда қорғалуы туралы ұсынысын жеткізді.

“Жуырда қасиетті кітаптарға құрметсіздік таныту актілері болды. Біз осы жағдайға алаңдаулымыз. Ислам және басқа да діндерге қатысты жасалған мұндай варварлық әркеттерден еркіндіктің, сөз бостандығының және демократияның нышаны білінбейді. Құран секілді қасиетті кітаптардың бәрі вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғалуға тиіс. Түптеп келгенде, бейбітшілік мәдениеті тек “бірлігіміз – әралуандығымызда” және өзара құрмет қағидаттарына негізделе алады”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің мінберде тұрып Құран туралы айтқан сәтін Нұрлан Байжігітұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

“Әлем мінберінде құранды қорғаған тұңғыш қазақ. Біздің президентіміз, мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-да осы туралы сөз қозғады. Менің ойымша, сол үлкен мінберден әлем патшаларының ешқайсысы бұл туралы айтқан жоқ. Әрқайсысы жерін, дүниесін, елін айтты. Бірақ ол бүкіл мұсылманға тиесілі Құранды қорғап, вандализмнен сақтау кергін алға тартып, оның ұлтаралық, халықаралық ынтымаққа алып келген қасиетті кітап екенін айтты. Өте салмақты сөз сөйледі. Сондықтын оның бұл ісі кімге болса да үлгі”, – дейді Нұрлан имам.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған