Четверг, 28 ноября, 2024

Құрбан айтта Түркістан облысы мешіттерінде киіз үйлер тігіліп, айттық таратылады

Құрбан айт мерекесі орай Түркістан облысындағы мешіттерде киіз үйлер тігіліп, мерекелік шаралар өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов мәлімдеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Құрбан айт мерекесіне орай, аудан, қалалардағы ірі мешіттердің аулаларына киіз үйлер құрылып, жамағатқа дәстүрге сай дәм ұсынылады.

Сондай-ақ мұқтаж отбасыларға және Кентау мен Сарыағаш қалаларындағы медресе шәкірттеріне айттық қоржындар таратылады.

Бұдан бөлек, ақсақалдар мен апаларға, балалар үйіндегі бүлдіршіндерге айттық дастарханы жайылып, мерекелік шара ұйымдастырылады.

Балаларға айттық таратылып, ұлттық ойындардан жарыс өтеді.

Баспасөз мәслихатында Ержан Төлепов құрбан айт мерекесі жайында кең көлемді мәлімет беріп, құрбан шалу ережесін түсіндірді.

Ал, Түркістан қаласының бас имамы Мұхамеджан Жұмадуллаев құрбандыққа қандай мал жарамды екенін айтып, шаруаларды айт күндері мал бағасын тұрақты ұстауға шақырды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған