Вторник, 26 ноября, 2024

Құрық айлағы: жүк тасымалдау жыл басынан бері 15 пайызға артты

2023 жылдың 10 айында Құрық теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 1,8 млн тоннадан асты, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 15 пайызға көп.

ҚТЖ мәліметінше, оның ішінде 1,2 млн тоннадан астамы портқа теміржол көлігімен жеткізілді. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 17 пайызды құрады.

Порт 600-ге жуық паромды, 16,5 мыңнан астам вагонды, 23,6-дан астам жүк және жеңіл автокөлік құралдарын өңдеді.

Құрық порты арқылы мұнай өнімдері, химиялық өнімдер, металл, халық тұтынатын тауарлар және т.б. тасымалданады.

Импортты азық-түлік, өндірістік жабдықтар, құрылыс материалдары және басқа да жүктер құрайды.

Порт арқылы транзитпен жабдық, электроника, тоқыма, химия өнеркәсібі өнімдері, металдан жасалған бұйымдар өтеді.

ARDA-Aqparat

 

 

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған