Суббота, 30 ноября, 2024

Құтқарушылар Шарын шатқалынан аустралиялық туристің денесін тапты

Республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы тауларында жоғалып кеткен Аустралия азаматының денесін Аюсай шатқалынан тапты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, 21 мамыр күні 1995 жылы туған Аустралия азаматы Үлкен Алматы шатқалына қарай кеткен. Полиция департаментіне оның жоғалып кеткенін хостелде бірге тұрған Ресей азаматы хабарлаған.

Оның айтуынша, олар Алматыға 20 мамыр күні таңертең туристік мақсатта келген. 22 мамырда таңғы сағат 7-де туристер кері ұшып кетуі керек болған, бірақ құрбысы әуежайға жалғыз барыпты.

Туристі іздеуге 6 адамнан тұратын республикалық жедел-құтқару жасағының жедел құтқару тобы және 1 кинологиялық есеп жіберілді, сағат 23.40-та олар іздеуге кірісті.

Сағат 2:40-та құтқару жасағы қызметкерлері мен Полиция департаменті қызметкерлері Ғарыш станциясына көтеріліп, беткейді тексерді. Олар төмен түсіп, құбырдың оң және сол жағын тексерді. Олар көлдің оң жағын қарап, жоғалған адамды таппады.

Үлкен Алматы көлінде түнде ауа райы қолайсыз болып, жаңбыр, қар жауып, қатты жел соғып тұрды. Сағат 10:45-те тағы бір құтқарушылар тобы ауысымға келді, олар сағат 11:15-те ғарыш станциясынан іздеуді жалғастырды.

Құтқарушылар екі топқа бөлінді: бір топ Аюсай шатқалына, екіншісі Проходное шатқалына қарай іздеуге шықты. Іздеу күні бойы, ауа райы қолайсыз болса да жүргізілді.

«Сағат 15:48-де ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағы жедел құтқару бөлімшесінің басшысы Бауыржан Арыстанбаев спутниктік байланыс бойынша ақпарат берді. Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел құтқару тобы Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметімен бірлесе отырып, Аюсай шатқалындағы алғашқы сарқырама маңынан денені тапқан», — деп хабарлады ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметінен.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған