Среда, 27 ноября, 2024

Құзырлы органдар Үндістанда зорлық-зомбылық көрген қарағандылық әйелдің мәселесін бақылауға алды

Калькуттада тұрып жатқан қарағандылық әйелге құжат мәселесі бойынша көмек көрсетіліп жатыр. Жағдай Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің ерекше бақылауында, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

28 тамызда Қазақстанның Үндістандағы Елшілігіне Қазақстан азаматшасы хабарласып, оған және оның 3 баласына елімізге оралуға көмек көрсету туралы өтініш білдірген. Ол Үндістан азаматы болып табылатын күйеуімен бірге Калькутта қаласында тұрады.

Оның айтуынша, күйеуі оған моральдық қысым жасайды, қаржылай шектейді және күш қолдану әрекетімен қорқытады. Жеке отбасылық жанжал салдарынан әйел Қазақстанға оралуға ниет білдірді.

«Қолдағы ақпаратқа сәйкес, отандасымыздың үлкен қызы – ҚР азаматы, ал қалған екеуі – Үндістан азаматтары. Үлкен қызының Үндістан визасының мерзімі өтіп кеткен, бұл көші-қон заңнамасын бұзу болып саналады. Ал кіші екі баланы әкету үшін екінші ата-ананың заңды рұқсаты қажет.

Қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, қазақстандық дипломаттар отандасымызға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстанның Калькуттадағы Құрметті консулы құжаттар мәселесін шешу үшін көмек көрсетіп жатыр. Мәселе Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің ерекше бақылауында.

Бұған дейінзорлық-зомбылықтан зардап шегіп жатқан, Калькуттада тұратын қарағандылық әйелдің елге қайтуға өтініш білдіріп, көмек сұрағаны жайлы жазған едік. Оны Қазақстанға қайтаруға министрлік те көмектесетін болды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған