Танымал әнші Жанар Айжанованың экс-күйеу баласы, мобилограф Қыран Талапбек қымбат үйін көрсетті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Қыран Талапбектің айтуынша, жаңа үйі 10 соттық, 500 шаршы метр.
«Бұрынғы үйімізді саттық. Ақшамыз тек жер алуға жетті. Бұл үйдің көлемі — 10 соттық. Бұл жерде ескі үй болды. Оны сүріп тастадық. Өте көп қаражат жұмсадық. Менің есептеуімше, 1,5 миллион доллардан көп кетті. Үй 500 шаршы метр», — дейді ол.
Қыранның жұбайы Гүлзада Тұрлаш та үйдің артықшылықтарын айтқан.
«Ата-анамен тұру жақсы. Барлық жағдай жасалғандықтан қиналмаймын. Мұнда біз Қыран екеуіміз, Қыранның інісі, ата-анасымен тұрамыз. Үйде бір-бірімізді көрмейміз. Әркім өз өмірін сүреді. Үйдегі әр жатын бөлмеге саусақ таңбасымен ғана кіруге болады. Біз біріміздің бөлмемізге біріміз кірмейміз», — дейді Гүлзада Тұрлаш.
Дизайнер үйдің биіктігі 3,5 метр екенін айтты. Сондай-ақ, мобилограф Қыран Талапбек көлік тұрағын көрсетті.
«Бес көлік бар. Біреуі әкемдікі, біреуі менікі, біреуі жұбайымдыкі. Тағы біреуі ұтысқа қойған көлігіміз. Оны кейде мен, кейде інім айдайды», — деді Қыран Талапбек.
Желі қолданушылары Қыран Талапбектің үйіне қызығушылық танытып, пікір қалдырды.
«Керемет, қонақ жайлы отбасы! Дәстүрді білетін, заманауи,сондай риза болдым. Анасын ,әкесін, келіншегін сыйлайтын керемет жандар», «Әр қазағым осындай үйлі болсын», «Анасы мықты адам екен», «Үйлеріңіз өте керемет», — деп жазды олар.