Среда, 27 ноября, 2024

Қырғызстанда дәстүрлі емес жыныстық көзқарасты насихаттауға тыйым салынды

Қырғызстантанда дәстүрлі емес жыныстық көзқарасты насихаттауға тыйым салынды. Президент Садыр Жапаров балалардың ақпараттық қауіпсіздігі туралы заңда бұған қол қойды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Құжатқа сәйкес, егер ақпаратта отбасылық және дәстүрлі әлеуметтік құндылықтарды жоққа шығару белгілері болса немесе туыстарына құрметсіздік білдіретін болса, балалар үшін де зиянды болып саналады.

Сонымен қатар, заң балаларды өз-өзіне қол жұмсауға, есірткіге, темекі мен алкогольге, құмар ойындарға, жезөкшелік пен қайыршылыққа итермелеуге тыйым салады.

Басқа да тыйымдарға «құқықсыз әрекетті ақтау», әдепсіз сөздер, порнография, адамдар мен жануарларға қатыгездік жатады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған