Среда, 27 ноября, 2024

Қырғызстанда педофилдерді өлім жазасына кесу ұсынылды

61 парламентарий президентке педофилдерді өлім жазасына кесу туралы референдум өткізуді ұсынды. Қаулы жобасы қаралуы мүмкін, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Бұған дейін Қырғызстан парламентінің бірнеше депутаты жасөспірімдерді зорлағандарға жазаны күшейтуді сұраған еді. Атап айтқанда, олар химиялық кастрацияны енгізу туралы бастама көтерді, деп мәлімдеді 24.kg.

Қырғызстанда өлім жазасына мораторий жарияланған. 1998 жылы Асқар Ақаев Адам құқықтары декларациясының қабылданғанына 50 жыл толуына орай өлім жазасына екі жылдық мораторий енгізді. Мерзімі біткен сайын ол жаңартылып отырды.

Конституцияның жаңа редакциялары іс жүзінде өлім жазасын алып тастады. Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінде өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылған.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған