Среда, 27 ноября, 2024

Қырғызстанда TikTok-қа тыйым салынуы мүмкін

Қырғызстанның Цифрлық даму министрлігі Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің жазбаша өтінішін қарайды, деп хабарлады ARDA-AKPARAT.

Мәліметке сәйкес, байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметінің атына 30 тамызда Мәдениет министрлігінен TikTok желісін таратудағы қызметті тоқтату бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі туралы хат келіп түскен.

«Көптеген өтінішті ескере отырып және жүргізілген мониторинг негізінде Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Қырғыз Республикасының аумағында TikTok сервисін таратудағы қызметті тоқтату туралы шешім қабылдады», — делінген хабарламада.

Цифрлық даму министрлігі бұл мәселеде түпкілікті шешім қашан қабылданатыны және әлеуметтік желіні бұғаттау қалай жүргізілетіні туралы нақты жауап әлі бермеді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған