АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Шаңғымен тұғырдан секіру спортынан ел намысын қорғаған Данил Васильев байрақты бәсекенің «алтынын» жеңіп алды.
Ол екі мүмкіндігінде 257.3 ұпай жинады.
Күміс пен қола жүлдеге аустралиялық спортшылар ие болды.
Сонымен қатар отандастарымыз Сергей Ткаченко мен Никита Девяткин үздік ондықтың арасынан көрінді.
Еске сала кетейік, бұл АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының — екі жүлдесі. Бұған дейін Вадим Куралес биатлоннан байрақты бәсекенің «алтынын» жеңіп алған еді.
Қазіргі уақытта ел құрамасы жалпыкомандалық есепте алтыншы орында тұр.