Белгілі болғандай Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономды аймағының қазақтары танымал актерге шапан жапқан, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Джеки Чанның шапан киіп, ән айтып тұрған сәті желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болды. Онда актердің қазақша ұлттық киім киіп, тіпті қазақ әніне билеп тұрған сәтін анық көруге болады. Сонымен бірге видеода Джеки Чанның «Ақ шашу» әнін шырқап тұрғаны айтылады.
Актер сонымен бірге өзіне тұлпар сыйлағанда тіптен таң қалған.
Желі қолданушылары актерге риза болып, ақ тілектерін жарысы жазып жатыр.
«Рахмет Джеки, біздің балалық шағымыздың ең сүйікті актерісіз», «Қандай текті адамдар, өзге ұлтқа, мәдениетке деген құрметінің өзі қайда жатыр?», «Керемет, аман жүріңіз, рахмет сізге» деп жазды олар.