Четверг, 28 ноября, 2024

Қызыл кітапқа енген сілеусін Шарын ұлттық паркінде соңғы екі жылда алғаш рет фототұзаққа ілікті

Алматы облысында сілеусін фототұзаққа ілікті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Экология министрлігінің мәліметінше, соңғы екі жылда алғаш рет бұл жануар Шарын ұлттық паркіндегі Бұғыты тау учаскесіне орнатылған фототұзақ объективіне түсіп қалды.

«Бұл жыртқыш негізінен түнде белсенді, оңай әрі ешбір дыбыс шығармай қозғалады. Ал сілеусін терісінің ала болып келуі, ағаш арасына оңай жасыруына көмектеседі, себебі күн сәулесінен түскен жарықтан сүтқоректі байқалмай қалады».
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Шабуылдау барысында 4 метрге дейін секіреді. Сонымен қатар, ересек дарағы 1 күнде 30 шақырымға дейінге арақашықты еңсере алады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған