Суббота, 30 ноября, 2024

Қызылорда облысында медицина саласында жаңа ғимараттар бой көтерді

Қызылорда облысында медицина саласында жаңа ғимараттар ел игілігіне айналып келеді. Бұл денсаулық сақтау саласындағы қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға оң септігін тигізіп отыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Осындай маңызды жобаның бірі — Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде пайдадануға берілді. Республикалық бюджет есебінен емхана құрылысы аяқталды. Жобалық құны — 2,3 млрд. Емдеу орны аудандағы 80 мыңнан аса тұрғынға арналған. Нәтижесінде емдеу орны қолжетімді және жоғары сапалы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Ал өткен жылы наурыз айында медициналық ғимараты жоқ шалғай елді мекендерде тағы 2 медициналық бекет іске қосылды.

Былтыр маусым айында ашылған қалалық орталық емхана 33 815 адамға қызмет көрсетеді. Осының арқасында №1, №3 және №6 қалалық емханалардың жүктемесі азайды. Бұл денсаулық сақтау желісі нормативке сәйкестендіріліне негіз қалады. Ал «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында Жалағаш ауданы Таң ауылында дәрігерлік амбулатория іске қосылды.

Сондай-ақ, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында ауылдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 27 нысан құрылысының тізімі бекітілді. Олардың жалпы құны 9,7 млрд теңгеге жуық. Олардың қатарында 24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет құрылысы бар. Одан бөлек, жалпы 6,5 млрд теңге болатын 15 дәрігерлік амбулатория және 1 медициналық бекет құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Нысан құрылысына жер учаскесі бөлініп, инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген. Аталған 16 нысанның құрылысы биыл басталады деп күтілуде.

Ал Арал ауданындағы Тоқабай, Жалағаш ауданындағы Қаракеткен. Шиелі ауданндағы Ортақшыл, Тәжібаев, Тартоғай, Бестам, Алмалы. Жаңақорған ауданындағы Талап, Әбдіғаппар ауылдарындағы 9 дәрігерлік амбулатория құрылысы, Қармақшы және Қуаңдария елді мекендеріндегі 2 фельдшерлік-акушерлік бекет құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысын алу осы жылға жоспарланған.

Сондай-ақ, Арал, Қазалы аудандарында 25, Шиелі ауданында 30 адамға арналған жұқпалы аурулар бөлімі құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сараптама қорытындысын алу жоспарланып, жер учаскелерін таңдау актісі алынған. Арал және Қазалы ауданына қарасты шалғай елді мекендерде 2 медициналық бекет ел игілігіне берілді. Жергілікті бюджет есебінен 71,2 млн теңгеге апатты жағдайдағы Сырдария ауданы Шіркейлі ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. Қызылорда қаласында жылына 5000-10000 жоспарлы донациялық IV санаттағы облыстық қан орталығының құрылысын жалғастыру да жоспарланған. Биыл республикалық бюджет есебінен нысан құрылысын бастауға 250 млн теңге қаржы бөлінген.

Облыс халқына 2820 дәрігер және 10650 орта буын мамандары медициналық қызмет көрсетеді. Өңірдегі дәрігер тапшылығын азаюту мақсатында нақты істер қолға алынып келеді. Облыс әкімінің қолдауымен жүргізіліп жатқан кешенді іс-шаралар нәтижесінде тапшылық жылдан жылға азаюда.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған