Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам қаза болды, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
19 ақпанда «Самара-Шымкент» жолының 1767 -1768 шақырымында (Сырдария ауданы) Mercedes және Opel автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, бір адам ауруханада жатыр.
Толық деректер анықталып жатыр.
Бұл дерек СДТБТ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлімі бойынша тіркеліп, соталды тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.