Қызылорданың сол жағалауында қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинді еске алуға арналған марафон өтті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Ұйымдастырушылар — облыстық ТЖ департаменті және «ТЖ органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы»қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы.
Олар «Болашақ» университетінен «Эдельвейс» саяжай ауылына дейінгі қашықтықты жүгірді.
Жеңімпаздар дипломдармен және медальдармен марапатталды.