Среда, 27 ноября, 2024

Қызылордалық полицейлер 25 келіден аса есірткі затын тәркіледі

Қызылордада патрульдік полиция қызметкерлері 25 келіден аса есірткі затын тасымалдаған екі азаматты ұстады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Ақпаратқа сәйкес, «Қарасора» іс-шарасы барысында Арал ауданы тұсында Самара — Шымкент тас жолында жол ережесін бұзған Toyota автокөлігі тоқтатылған.

“Тексеру барысында көліктен сөмкеге салынған жасыл түсті зат анықталып, айғақ зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысымен алынған зат 25,2 кг астам «кептірілген марихуана» екендігі нақтыланды. Көлікті тізгіндеген 43 жастағы жүргізуші мен 43 жастағы жолаушысы Атырау облысының тұрғындары болып шықты”, — делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған