Четверг, 28 ноября, 2024

Рамазан айында ауыл жастары 2 мұқтаж отбасыға баспана сыйлады

Құрық ауылының жастары 2 бірдей мұқтаж отбасын қуантып, баспана кілтін табыс етті, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Маңғыстауда бірі үй жалдап, екіншісі аядай лашықта тұрып жатқан 2 отбасы баспаналы болды. Оларға ауыл жастары пәтер кілтін табыстады.   

Баспаналы болғандардың бірі – жалғыз басты ана Шынар Тәжібаева. Ол жолдасы дүниеден озған соң, 6 баласын жалғыз өзі бағып келеді. Көп балалы отбасы бұған дейін аядай лашықта тұрып келген. Құрық ауылының жастары жанұяның осы жағдайын ескеріп, оларға 4 бөлмелі пәтер алып берді.

Баспаналы болған екінші отбасы да — көп балалы жанұя. Жадыра Өтеғалиева 6 баласымен бірге жалдамалы пәтерде тұрып келеді. Тапқан таянғанын соған төлейтін. Ол тосын сыйды естігенде қуаныштан жылап жіберді.

«Қасиетті Рамазан айында жасаған жақсылықтарың өздеріне мың еселеніп қайтсын. Өзге ауылдың жастары сендерден үлгі алсын деп тілеймін. Қуанышымда шек жоқ. Түс көргендеймін», — дейді Құрық ауылының тұрғыны Шынар Тәжібаева.

Сондай-ақ, жаңа қоныс иелеріне тұрмысқа қажетті техникалар мен қаржылай көрімдік табысталды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған