50 Cent лақап атымен белгілі американдық рэпер һәм актер (Кертис Джеймс Джексон ІІІ) Алматыдағы концертінен кейін Инстаграм парақшасына бір түрлі жазба қалдырып, көрерменнің ашу-ызасын тудырды.
«Алматы, Қазақстан. Керемет болды. «Борат» фильмі болмағанда, менің не айтқым келгенін түсінбейтін едіңдер. Мені бүкіл әлем біледі» деп жазды рэпер.
Концертіне алып-ұшып барғандардың аптығын 50 Сent осылай басты.
ARDA-Aqparat