Четверг, 28 ноября, 2024

Ресейде Jah Khalib-тің концерттерін тоқтату талап етілді

Ресейде қазақстандық рэпер Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі концерттерін тоқтату ұсынылды, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Справедлиявая Россия» партиясының депутаты Яна Лантратова Ресей билігінен рэпердің соғысқа қарсы айтқан сөздеріне қатысты Мәскеудегі концерттерін болдырмауды ұсынған. Бұл туралы ол Telegram-арнасында айтты. 

Ресейлік рэпер және журналист Аким Апачев те ВКонтакте желісіндегі парақшасында Jah Khalib-тің концерттерін болдырмауға шақырған. 

«Мәскеуде Jah Khalib — Украинаны қолдайтын қазақстандық рэпердің екі концерті биыл өтеді. Ау! Бәлкім Кремльде бірден Зеленскийдің концертін өткізерсіңдер? Жаудың аты жау, ол бір концертке бола дос болып қалуы екіталай», — дейді ол.  

Қазақстандық рэп орындаушы 23 сәуірде Мәскеудегі Crocus City Hall және 25 сәуірде Санкт-Петербургте концерті өтуі керек. 

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған