Среда, 27 ноября, 2024

Ресейден 21 шетелдік компания Қазақстанға көшті

Ресейден 21 шетелдік компания Қазақстанға көшті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

«Егер бұрынырақ Еуразия нарығында болғысы келген компаниялар Ресей экономикасының бізден 10 есе үлкен болуына байланысты сауда жасау, тауарларын сату үшін бас кеңселері үшін Мәскеу мен Санкт-Петербургті таңдайтын. Қазір санкцияларға байланысты олар басқа қалаларды таңдауға мәжбүр. Біз оларға балама ретінде Алматы мен Астананы ұсынамыз. 62 компания ниет танытты. Оның ішінде қазіргі уақытта 21 жоба жүзеге асырылды», — деді министрдің орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.

«362 компанияға қызығушылық танытамыз. Бұл тізім толықтырылып отырады. Кейбір компаниялар ұсынымыздан бірден бас тартады немесе жағдайдың одан ары қалай дамитындығын байқап көретіндігін айтады. Дегенмен, бұл жұмысты жалғастыра береміз», — деді Алмас Айдаров.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған