Четверг, 28 ноября, 2024

Ресейлік танымал композитор Максим Фадеев Алматыдағы барды сотқа берді

Ресейлік композитор Максим Фадеев Алматыдағы жергілікті барлардың бірін авторлық құқығы бұзылғаны үшін сотқа берді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Бұл туралы композитор өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Композитордың сөзінше, ол 2019 жылы әнші Наргизбен келісімшартты бұзған және әншіге өзінің каталогіндегі әндерді орындауға тыйым салған.

«Наргиздің концерті Алматыдағы The FRIENDS Bar & Terrace барында 26 мамырда өтті. Менің заңгерлерім ол өнер көрсетер алдында барға әнімді орындауға тыйым салу туралы ескерту жасаған. Алайда бар әкімшілігі ескертуді елемеді. Нәтижесінде біз концертті өткізу кезінде менің құқықтарымды бұзу фактісі бойынша Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына арыз түсірдік», — деп жазды Максим Фадеев.

Бұл ақпарат Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі растады.

«Ресей азаматынан сотқа арыз түсті. Заңнамаға сәйкес, бес тәулік ішінде өндіріске алынады»,- деп хабарлады ведостводан.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған