Четверг, 28 ноября, 2024

Режеп Тайып Ердоғанды қолдауға Анкарада 320 мың адам жиналды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған президент сайлауының екінші турында жеңіске жеткеннен кейін өз жақтастарының алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Анкарадағы президенттік кешенге 320 мың адам жиналды. Халық елордадағы әуежайдан Президент әкімшілігіне апаратын жол арасында толып кетті.

Түркия басшысы саяси таңдауына қарамастан, дауыс беруге белсенді қатысқан барлық сайлаушыларға алғыс айтты.

Біз сайлаушылардың таңдауын құрметтейміз. Осы кезге дейінгі барлық сайлауда да солай болған. Бұл біздің ғана жеңіс емес, Түркия жеңді, демократия жеңді! Сайлауда жеңілгендер болған жоқ, Түркияның 85 миллион халқы жеңіске жетті. Ұлттық мақсат мен идея үшін бірігетін уақыты келді, — деді Ердоған.

Ердоғанның айтуынша, Түркия экономикасының жаңа моделі инвестиция тартуға, халықты жұмыспен қамтуға және халықаралық сенімге негізделген қаржылық реттеуге бағытталады.

Енді бірінші кезектегі міндет — инфляция салдарынан туындаған бағаның өсуін тежеу. Түркияда тұтынушылардың қол жетімділігін жеңілдететін, өндірушілердің кірісін арттырып, фермерлер мен мал өсірушілердің шығынын азайтатын жаңа экономикалық жүйе іске асады, — деп сендірді ол.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған