Вторник, 26 ноября, 2024

Рудныйда 33 көпқабатты және 13 жекеменшік үй жылусыз қалды

Қостанай облысы Рудный қаласында жылу құбырының жарылуы салдарынан 13 жеке үй, 33 көпқабатты үй және бір мектеп жылусыз қалды, — деп хабарлайды Arda-ақпарат.

«Рудный қаласы, Шевченко көшесі 116 мекенжайы бойынша орналасқан № 5 сорғы станциясының жұмысында ақау шықты. 13 жеке үй жылудан ажыратылды. Жылу құбырының диаметрі — 159. Сондай-ақ Гагарин көшесі 6 мекенжайында да ұқсас жағдай анықталды. Құбырдың диаметрі — 159. 33 бес қабатты үй мен бір мектеп жылудан ажыратылды», — делінген хабарламада.

Рудный әкімшілігі Instagram желісіндегі ресми парақшасында апатты жоюға қатысты мәселе жергілікті атқарушы органның бақылауында екенін хабарлады.

«Қазіргі уақытта Гагарин көшесіндегі №17 орта мектепті қоса алғанда, барлық үй 2 сағат бойы ыстық су айналымы үшін жылу жүйесіне қосылды. №6 үйден №4 үйге дейін жарылған жерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Мектепте ауа температурасы 18-20 градусты көрсетіп тұр, екінші ауысымдағы жоғары сыныптардың сабақтары қысқартылды», — деп түсіндірген жағдайды әкімдік өкілдері.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған