Рудный қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 қаңтар күні сағ. 10.30-да Горняков көшесіндегі диаметрі 530 мм болатын жылу трассасында жарылыс болды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Жылудан ажыратуға 24 үй, жеке сектордағы 59 үй, заңды тұлғалар – 16 ғимарат жатады. Бүгінгі таңда жарылыстың орны анықталып жатыр. Одан кейін «Рудный жылу желілері» ЖШС авариялық бригадаларының күшімен қысқа мерзім ішінде жұмыстар жүргізілетін болады», — делінген әкімдік таратқан ақпаратта.