Жоғары шенділердің баласы әскери борышын өтей ме? Еліміздің қорғаныс министрі осы сауалға жауап берді. Руслан Жақсылықов ұлын тікелей өзі әскерге апаратынын хабарлады.
Бүгін министр Мәжілісте 20 жастағы баласының әлі студент екенін, оқуын аяқтаған соң Қарулы Күштерге өзі апаратынын айтты. Ал қандай әскер құрамында борышын өтейтінін болашақ сарбаздың өзі шешуі тиіс. Дегенмен, министрдің ұлы арнайы жасақ немесе барлау бөлімшесіне баруды қалайды екен.
ARDA-Aqparat