Среда, 27 ноября, 2024

С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрына «музыкалық» мәртебесі беріледі

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры музыкалық-драмалық театр деген атау алады. Қазір құжаттарды рәсімдеу жүріп, ұжым жасақталып жатыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Музыкалық — бұл жай ғана мәртебе емес. Бұл тағы бір бөлек ағза жұмыс істейтінін білдіреді. Соңғы үш жылда біздің театр тиісті білім алған әнші актрисалар және актерлермен толықтырылды. Біз драмалық және музыкалық жанрларда жұмыс істейміз. Мысалы, егер жылына бес қойылым болса, оның екеуі жасөспірімдерге арналған, ал қалған үшеуінің бірі музыкалық болады. Қазір біз құжаттарға өзгерістер енгізіп жатырмыз, жарғыда «музыкалық драма театры» термині пайда болады», — деді Құрман Қалымов.

Сонымен қатар театр басшысы алғашқы музыкалық қойылымға «Қыз Жібек» эпосын қарастырып жатқанын жеткізді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған