Вторник, 26 ноября, 2024

Сабындыкөлде жаңа туристік нысандар ашылады

Баянауыл өңірінің Сабындыкөл аумағында жаңа туристік нысандар іске қосылады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Баянауыл ауданы Сабындыкөл жағалауының туристік әлеуетін арттыру бойынша шаралар қолға алынған. Қазіргі уақытта 16 шағын демалыс үйінің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар жазғы қоғамдық тамақтану орны ашылады.

Алдағы уақытта қыста да жұмыс істейтін демалыс ошағын салу жоспарда бар. Бұл аумақта тынығушыларға сапалы қызмет көрсетіледі. Мақсат та сол. Өңірде тұзды көлдердің маңындағы инфрақұрылымды дамыту көзделген. Облыс орталығына жақын орналасқан Тұзқала демалыс орнына апаратын төрт шақырымдық кіреберіс жол салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді, — дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриалдыөқ-инновациялық басқармасының басшысы Ернұр Жәутікбаев.

Аймақта туризм саласын дамытқысы келетін кәсіпкерлер үшін өткен жылдан бері қолдау шаралары басталған. Бұл қолдау саланы дамытуға серпіліс беріп жатыр. Биыл 82 млн теңгенің гранттары қарастырылған. Алдағы күндері құжаттарды қабылдау процедуралары басталады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған