Понедельник, 25 ноября, 2024

Сайлау күні Түркістанда егіз Қасым мен Жомарт дүниеге келді

20 қарашада Түлкібас орталық аудандық ауруханасында егіз сәби дүниеге келді. Сайлау күні дүниеге келген егізге ата-анасы Қасым және Жомарт есімін қойған, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, әйелге шұғыл операция сәтті жасалған.

Дәрігерлер сәбилердің салмағы 3500 және 2700 грамм екенін нақтылады.

Аурухана ұжымы мен аудан әкімдігі бүлдіршіндердің анасын құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

Сәбилер мен анасының жағдайы жақсы.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған