Әнші Сәкен Майғазиев қазақ тіліне менсінбеушілік танытқан «Бизнес fm» радиосын сынға алды.
«Ей, ҚАЗАҚ ҰЛТЫның, ҚАЗАҚ ТІЛІнің дұшпандары, сендерге не жетпейді?! Қара ниетің мен дүбәрә тіліңе ие бол! ҚАЗАҚ мәдениеті мен ҚАЗАҚ әдебиетінің сенің саяз санаңа сіңбегегіне ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ кінәлі емес. Жақсылық жақпаса басқа жаққа көшіп кет!
«Бизнес fm» радиосының «талғамы биік» продюсер сымағы, ҚАЗАҚ руханиятынан тілің мен қолыңды тарт! ҚАЗАҚ музыкасы сендей дүбәралардың тыңдағанына мұқтаж емес. Сен кімсің, бір-екі топқа немесе әншіге ғана емес, күллі ҚАЗАҚ музыкасына баға беретін?! “ҚАЗАҚпын” дейін десе тілі келмейтін, «орыспын” дейін десе түрі келмейтіндер, нағыз ҚАЗАҚ қоғамының зиянкештері сендерсіңдер, мәңгүрттер!», — деп жазды өнер иесі.
ARDA-Aqparat