Салмағы 230 келі тартатын қошқар Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Шымкентте өткен көрмеде төрт жасар Миллион бітімі жағынан ерекшеленіп, елдегі ең ірі қой тұқымы ретінде тіркелді.
Маңдайы дөңес келген, қылшық жүнді «Қиссар» тұқымды қошқардың иесі – Қуаныш Мықтыбаев. Ол республикалық көрмеге Түркістан облысы Сарыағаш ауданының атынан қатысты.
Қой иесі Мықтыбаев Қуанышқа Қазақстан рекордтар кітабының атынан сертификат тапсырылады және ет, май өнімділігі бойынша қошқардың салмағы 230 кг екенін растайды. Оның еліміздегі ең ірі салмақтағы қой жануары ретінде жариялап тіркейді.